Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен Дархан Қалетаевты ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі етіп тағайындады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Қалетаев Дархан Аманұлын ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын», - деп хабарланды сәрсенбі күні Ақорданың сайтында.
Басқа жарлығымен мемлекет басшысы Д.Қалетаевтың депутаттық өкілеттіктерін тоқтатты.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Д.Қалетаевтың басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР парламенті сенатының депутатты өкілеттіктері тоқтатылды», - деп көрсетілген құжаттың мәтінінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін Нұрлан Ермекбаев басқарған.
Дереккөзі: ҚазТАГ