Алматыда Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) конкурсының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті, - деп хабарлады ҚазТАГ.
«Маған Ақпарат және байланыс күні деген сөз ұнамайды. Мен 28 маусымды – Қазақстан журналистикасының кәсіби мерекесі деп санаймын», - деді бейсенбі күні Қазақстан Журналистер одағы басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев марапаттау салтанатында.
Ол, сондай-ақ, байқауға 100-ге жуық жұмыс түскенін атап өтті.
«Біздің конкурсқа 96 жұмыс түсті. Сондықтан мен байқауды жақсы өтті деп санаймын. Бұл – жыл сайын өтіп тұратын байқау, биыл ол 59-шы рет өтіп отыр. Келесі жылы біз Журналистер одағының 60 жылдығын атап өтеміз. Одақ жұмыс істеп тұр. Біздің міндеттеріміз көп, соның ішінде журналистердің құқықтарын қорғау міндеті де кіреді. Біз әріптестерімізді Журналистер одағының мүшесі және Одақтың мүшесі емес деп бөлмейміз. Бәріне бірдей көмектесуге тырысамыз. Жеңімпаздардың жартысынан көбісі – Журналистер одағының мүшесі еместер», - деді С. Матаев.
Қазіргі уақытта Журналистер одағында Қазақстанның барлық аймақтары мен Алматыдан және Астанадан 5 мыңдай мүшесі бар.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Журналистер одағы басқармасының шешімімен ҚЖО-ның 2018 жылғы республикалық шығармашылық конкурсының лауреаттары болып: 12 журналист және 1 шығармашылық ұйым танылды.
Біздің Facebook парақшамызда сол салтанаттан үлкен сурет жарияланып отыр – https://www.facebook.com/jurunion/posts/455567614908327