Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) Пекинде өткен «Бір белдеу – бір жол» атты медиафорумға қатысты. Жалпы, форумныңда әлемнің елу елінен келген 100-ден аса делегат болды.
Қытай Халық Республикасы ұйымдастырған «Бір белдеу – бір жол» атты медиафорумның мақсаты туралы Бүкілқытай журналистер ассоциациясының төрағасы Чжан Яньнун өзінің құттықтау сөзінде былай деді: «Әлемнің 50-ден аса мемлекеті мен аймақтарынан келген 100-ден аса жауапты тұлғалар, журналистік ұйымдар мен БАҚ өкілдері «Бір белдеу – бір жол» жобасы шеңберінде ынтымақтастық пен ақпарат алмасудың жаңа үлгілерін, үлкен жоспарларын талқылау үшін жиналып отыр. Бұл шара дүние жүзінің түрлі елдерінің журналистік ұйымдарының өзара түсіністігі мен достастығын нығайта түсуге септігін тигізетініне мен сенімдімін».
Қытай журналистері Азия, Африка және Латин Америкасындағы әріптестеріне әлемдік медиа кеңістікте үстемдік ететін американ және ағылшын БАҚ-тарының делдалдығына жүгінбей-ақ және тілдік кедергілерді жеңе отырып, ақпараттық әріптестікті тікелей дамытайық деген ұсыныс жасады.
Бұл шараны Бүкілқытай журналистер ассоциациясы ұйымдастырды, оның құрамына 217 ұйым және ҚХР-дың 10 топ университеттерінің бірі саналатын Қытай Коммуникациялар университеті кіреді. Бұл оқу орны, сондай-ақ, Қытайдың радио, телевидение және баспа БАҚ-тары мамандарын даярлайтын «бесігі» саналады. Форум салтанатты түрде ашылып, ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі аяқталған соң, қосымша кіші форумдар өтті. Олардың аттарынан-ақ сол жерде қандай проблемалар көтерілгенін көруге болады: «БАҚ-тардың жақындасуы, байланыстардың жаңа арналарын ашу», «БРИКС мемлекеттері БАҚ-тарының тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықтағының жаңа мүмкіндіктер», «Қытай және Африка елдердің БАҚ-тары арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықтықтың жаңа мүмкіндіктері», «Қытай және Ресей БАҚ-тары мен журналистік ұйымдары арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық» және тағы басқа тақырыптар болды.
Қазақстан делегациясы құрамында еліміздің түрлі аймақтарынан алты адам болды. ШЫҰ-ға (ШОС) мүше елдердің журналистері кездескен кезде, біздің делегацияның жетекшісі болып барған Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы Баян Рамазанова Қытай Халық Республикасында тұратын этникалық қазақтардың жағдайы туралы мәселе көтерді.
– Ресми ақпараттың жоқтығы – этникалық қазақтар мен қытайлар арасында қақтығыстар орын алып жатыр деген сияқты көптеген қауөсеттер тудырып жатыр. Егер жалғыз Пекиннің өзінде 23 млн халық, ал бүкіл Қазақстанда бар-жоғы 18 млн адам тұратынын ескерсек, біз үшін әрбір этникалық қазақтың тағдыры қаншалықты қымбат екенін түсінесіздер. Бұл мәселеде ашықтық болса, біздің халықтар арасында сенім мен өзара түсіністік арта түсер еді, - деді Баян Рамазанова.
Форум мүшелері «Жэньминь жибао» газетінің офисінде болды, «Жэньминь жибао» – Қытайдың күнделікті шығатын халықтық газетті болып аударылады. Бұл Аспан асты еліндегі ең ықпалды газет және ол ҚХР Компартиясы Орталық Комитетінің баспасөз органы болып табылады. Оның тілшілер пункті әлемнің 70 мемлекетінде бар және газетте мыңнан аса адам жұмыс істейді, ал тараламы – 2 млн. 800 мың дана. Статистика бойынша газеттің таралымы жыл сайын 100 мың данаға артып отыр. Қытай халқы бір жарым миллиардқа жеткенін ескерсек, бұған таң қалуға болмайды.
«Бір белдеу – бір жол» жобасы мәдени интеграцияны арттыруға бағытталған. Сол себепті форумды ұйымдастырушылар қонақтарға арналған бағдарламаға бірнеше экскурсияны кіргізген. Соның арқасында көптеген елден келген журналистер Қытайдың көрнекті жерлерімен және ҚХР-да жақсы дамыған инновациялық технологиялармен танысты. 35 градустық ыстықта Ұлы Қытай қорғанына шығу оңай болмағандықтан, қалам мен микрофон қызметкерлерінің біраз бөлігі әлемнің бұл кереметін төменен қарап тамашалады. Бұл – адамдардың қолымен жасалған жалғыз таңғажайып болып саналады, оны тіпті Айдан көруге болады екен, сондықтан бұл саяхат бәрінде ұмытылмайтын әсер қалдырды. Тарихи деректер бойынша бұл заңғар
құрылысты қытайлар солтүстіктен шабуыл жасап тұратын көшпенді тайпалардан қорғану үшін біздің дәуірге дейін 656-шы жылы сала бастаған. Қазақстан мен Қытайды достық қарым-қатынастар бұрынан байланыстырады, бірақ оларды түрлі салада одан әрі дамыту қажет, мәселен: саудада, инвестициялар салуда, энергетикада, ауыл шаруашылығында, цифрлы экономикада, мәдениет саласында. Екі көрші мемлекеттің жақындасуына Қытай мен Қазақстан журналистері атсалысу керек.
– Қазақстан Журналистер одағы Бүкілқытай журналистер ассоциациясымен көптен бері байланыс орнатқан. Бес жыл бойы біз делегациялармен алмасып тұрамыз. Біз, мысалы, Қытайға барып, олардың өндірісімен, жаңа технологияларымен, мәдениетімен танысып жүрміз. Бүкілқытай журналистер ассоциациясының мүшелері Қазақстанға келген. «Бір белдеу – бір жол» медиафорумына біз екінші рет қатысып отырмыз. Бірінші жолы мен Қазақстан журналистері атынан жалғыз барған едім, сол жолы форумға әлемнің 32 елінен өкілдер келген болатын. Менің ойымша, екі ел арасындағы байланыстар тек нығая береді, өйткені Қазақстан мен Қытайдың арасындағы ортақ шекара ең ұзақ. Бұдан тыс, Қытай жерінде көп этникалық қазақтар тұрады, олардың көбісі ол жаққа 1917 жылдан 30-шы жылдарға дейін қашып барған, сондықтан біз олардың тағдырына бейжай қарай алмаймыз. Сондай-ақ, біздің ынтымақтастығымыз экономикалық тиімділікке негізделген, сондықтан біздің арамыздағы қарым-қатынастар тек дамып, тереңдей береді, - деді Баян Рамазанова.
Қытай бастамасының арқасында ҚР Журналистер одағы әлемнің түрлі елдерінде жұмыс істейтін әріптестерімен халықаралық байланыстар орнатып жатыр. Былтыр, мысалы, Қазақстанның медиа қауымдастығы Украина бойынша баспасөз-сапарға барып қайтқан болатын. Биылғы жылы Польша мен Ресей Журналистер одақтарынан шақыртулар алып отыр. Түбінде, осындай кездесулер мен қарым-қатынастардың арқасында журналистердің халықаралық ынтымақтастығы туындайды. Бұл пікірмен ҚХР-де өткен медиафорумның барлық мүшелері келісті.
https://liter.kz/mobile/ru/articles/show/48125-novaya_model_strudnichestva