Ардагер, журналист, қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы.

Баттал Жаңабайұлы, ардагер, журналист, қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Ол 1929 жылы 7 наурызда Талас ауданы, Қызылтау ауылында дүниеге келген.

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1972). Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1950).  1950-1957 жылдары бұрынғы Семей облысының «Екпінді» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, 1957-1962 жылдары Жамбыл облыстық «Сталиндік жол» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, 1965-1985 жылдары «Еңбек туы» газетінің редакторы, 1985-1989 жылдары кино жөніндегі облыстық кеңесінің төрағасы, 1989-1991 жылдары  Бейбітшілік пен татулық қорының облыстық бөлімшесінің төрағасы. 1996 жылдан Д.Қонаев атындағы қордың облыс бөлімшесінің құрметті төрағасы.  Екі «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.