«Қазақстан
Республикасы Журналистер Одағы» – азаматтардың ұлтына,
діни ұстанымына, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердегі мүшелігіне
қарамастан, қоғамның әлеуметтік, мәдени, экономикалық және басқа да
актуалды проблемаларын шешуге, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық-
экономикалық, саяси, мәдени процестерін БАҚ-тарда объективті және
жан-жақты көрсеткісі келетін журналистердің қоғамдық бірлестігі.



ҚР ЖО-ның басты мақсаттары мен міндеттері – БАҚ-тар мен билік институттары арасында конструктивті диалог орнату;
сөз бен баспасөз бостандығын қорғау; журналистика мен БАҚ-тардың жалпымемлекеттік, көпұлттық
дамыған инфрақұрылымын қалыптастыру және оны халықаралық ақпараттық кеңістікке бейімдеу;
журналистер жекедара шығармашылық жұмысымен айналысуы үшін оларға экономикалық, құқықтық,
әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау және т.б.


ҚР ЖО – мемлекеттік және республикамыздың басқа да тілдерінде шығатын басылымдарға методологиялық және
 дістемелік көмек көрсетеді, сондай-ақ, журналистика мен БАҚ-тарды дамыту мәселелеріне қатысты симпозиумдар,
семинарлар, конференциялар өткізіп тұрады; Қазақстанда болып жатқан оқиғалар шетелдік баспасөзде толық және
объективті түрде көрсетілу үшін шетелдік БАҚ өкілдеріне ақпарат алуға көмектеседі; БАҚ қызметкерлерінің
тынығуын ұйымдастыруға қолдау көрсетеді.