Пайдалану туралы келісім

 

Осы Келісім Пайдаланушылардың www.kazmedia.kz (әрі қарай - «Сайт») сайтының материалдары мен қызметтерін пайдаланудың шарттарын анықтайды.

1.Жалпы ережелер

1.1. Сайтының материалдары мен қызметтерін пайдалану – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларымен реттеледі.

1.2. Осы Келісім – жария оферта болып табылады. Сайтының материалдарына қол жеткізген кезде, Пайдаланушы осы Келісімге қосылған болып саналады.

1.3. Сайттың әкімдігі кез келген уақытта осы Келісімнің шарттарын біржақты өзгерте алады. Мұндай өзгерістер – Келісімнің жаңа нұсқасы сайтқа шыққан кезден бастап, 3 (үш) күн аяқталғанда күшіне енеді. Пайдаланушы өзгерістермен келіспеген жағдайда Сайтқа кіруден бас тартып, Сайттың материалдары мен қызметтерін пайдалануды доғаруы тиіс.

2. Пайдаланушының міндеттері

2.1. Пайдаланушы Ресей заңнамасын немесе халықаралық құқық нормаларын бұзатын, соның ішінде зияткерлік меншік саласында, авторлық және/немесе сабақтас құқықтарды бұзатын әрекеттерге бармауға келіседі, сондай-ақ Сайт пен Сайт сервисінің қалыпты жұмысына кері әсер ететін әрекеттерге бармауға келіседі.

2.2. Сайттың материалдарын құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалануға жол берілмейді. Сайттың материалдарын заңды пайдалану үшін Құқық иесімен лицензиялық шарттарға (лицензиялар алу) отыру керек.

2.3. Сайттың материалдарынан дәйексөз алғанда, соның ішінде авторлық шығармадан дәйексөз келтіргенде, Сайтқа міндетті түрде сілтеме жасау керек.

2.4. Пайдаланушының Сайтта қалдыратын түсініктемесі және басқа да жазбалары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және жалпы жұрт таныған мораль мен адамгершілік нормаларына қайшы келмеуі керек.

2.5. Сайт Әкімдігі пайдаланушыны ескерткен, - егер пайдаланушыны сайтта көрсетілген сілтемелер бойынша сыртқы ресурстарға кіріп, оларды қолданса, ол үшін Сайт Әкімдігі жауапты емес.

2.6. Егер Пайдаланушы Сайттың мазмұнынан, авторлық құқықты тіркеуден және сондай тіркеуге қатысы бар мәліметтерден, сондай-ақ Сайтта

орналасқан ақпарат арқылы немесе онда көрсетілген сілтеме арқылы сыртқы ресурстарда көрсетілген тауарлар мен қызметтерден шығын көріп, зардап шексе, ол үшін Сайттың Әкімдігі жауапты емес екендігі туралы Пайдаланушы біледі және онымен келіскен.

2.7. Сайттың барлық материалдары мен қызметтері немесе олардың кез келген бөлігі жарнама болуы мүмкіндігі туралы Пайдаланушы біледі және ол сол ережені қабылдаған. Сайттың Әкімдігі осындай жарнамаға байланысты ешқандай жауапкершілік пен міндеттемені мойнына алмайды және Пайдаланушы онымен келіскен.

3. Басқа да шарттар

3.1. Осы Келісімнен шығатын немесе онымен байланысты барлық даулар – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.

3.2. Келісімді – Пайдаланушы мен Сайт Әкімдігі арасында агенттік, жолдастық, қызметтестік қарым-қатынасты орнату деп қарамауы керек немесе біреуді жалға алды деп ойламауы керек, Пайдаланушы мен Сайт Әкімдігі арасында тек Келісімде тікелей көрсетілмеген қарым-қатынастар болады.

3.3. Сот егер Келісімнің кейбір баптарын заңды күші жоқ деп немесе мәжбүрлеп орындатуға жатпайды деп тапса, ол – Келісімнің басқа баптарының заңды күші жоқ дегенді әкеп соқпайды.

3.4. Егер кейбір Пайдаланушылар Келісімнің баптарын бұзса, ал Сайттың әкімдігі оған әрекетсіздік танытса, Сайттың материалдарын қорғайтын заңнамаға сәйкес, Сайт әкімдігі артынан өзінің мүддесі мен авторлық құқығын қорғайтын әрекеттерге бара алады.

Пайдаланушы осы Келісімде көрсетілген барлық тармақтарымен танысып шыққанын және оларды сөзсіз қабылдайтынын растайды.