2001 жылғы 25 ақпанда өткен Конференцияда

Б Е К І Т І Л Д І

№ 1 хаттама

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ

Ж А Р Ғ Ы С Ы

1 ТАРАУ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1. “Қазақстан Республикасы Журналистер одағы» қоғамдық бірлестігі (одан әрі мәтін бойынша ҚР ЖО) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 31.05.1996 жылғы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына және басқа да заңға қайшы келмейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құрылды және коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. ҚР ЖО азаматтығына, қай ұлтқа және қай дінге жататынына, қай саяси партия мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің мүшесі екендігіне қарамастан, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және басқа да қоғамның өзекті мәселелерін шешуге, БАҚ-та еліміздің қоғамдық-экономикалық, саяси және мәдени үрдістерді объективті және жан-жақты жариялауға мүдделі журналистердің қоғамдық бірлестігі болып табылады.

3. ҚР ЖО өз қызметін:

- еріктілік;

- жариялылық;

- өзін-өзі басқару және тәуелсіздік;

- ҚР ЖО ұйымдастыру ынтымақтастығы;

- әріптестік, төменнен жоғары қарай барлық органдардың сайлануы, олардың ҚР ЖО мүшелерінің және жоғарғы органдарының алдында есеп беру;

- бірыңғай қаржылық саясат;

- ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес және ҚР ЖО Жарлығы аясындағы принциптер негізіне сәйкес жүзеге асырады.

4. ҚР ЖО басқа мекемелердің қызметіне араласпайды, саяси және коммерциялық мақсатты көздемейді.

5. ҚР ЖО міндеттемелеріне мүшелері жауап бермегені сияқты ол да өз мүшелерінің міндеттері үшін жауап бермейді.

6. ҚР ЖО өз филиалдарын ашып, ҚР аумағында қызмет ететін республикалық қоғамдық бірлестік.

7. ҚР ЖО заңды тұлға ретінде өзінің мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, бірыңғай үлгідегі ҚР ЖО мүшесінің билеті, банк мекемелерінде есептік, валюталық және басқа да қажетті есеп шоттары болады, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды пайдаланады және қызметіне сәйкес міндеттемелерді орындайды.

8. ҚР ЖО атауы қазақ тілінде: «Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы» Қоғамдық Бірлестігі (республикалық мәртебеде).

9. ҚР ЖО атауы орыс тілінде: Общественное объединение «Союз журналистов Республики Казахстан» (республиканский статус).

10. ҚР ЖО басқару органдары: 050000, Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 122 үй мекен жайы бойынша орналасқан.

11. ҚР ЖО Заңды тұлға ретіндегі құқықтық қабілеттілігі заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген сәттен бастап туындайды.

ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН ЖҮКТЕУ