Қазақстан Республиксы Жоғарғы сотының Төрағасы Ж.Қ. Асановқа
Қазақстан Республиксы Бас прокуроры Қ.П. Қожамжаровқа
                                        Ашық хат


 
Қапшағай қалалық сотының шығарған теңдесіз шеші – біздің Сізге шығуымызға себеп болып отыр. Сот 2018 жылы 16 наурызда ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттіктің бас директоры Матаев Әсет Сейітқазыұлына заңды негіздерін түсіндірместен жазасын жеңілдетуден бас тартты.
Қолданыстағы заңнамаға сай, жазаның үштен бірін өтеген соң, Ә. Матаев қалған жазасын тұратын жерінде минималды қауіпсіз мекемеде өтеуді сұрап, өтініш жазған болатын. Заң бойынша бұл өтінішті қанағаттандыру үшін керек нәрсенің бәрі бар. Әсет Матаев тәртіпті бұзған жоқ, үш рет мақтау және бірқатар алғыс алған, әкімшілік оған жақсы мінездеме берген, және ол түзету мекеменің мәдени-спорт өміріне белсене қатысып жүр, оған екінші деңгейдегі оң мінездеме берілген, сонымен бірге Әсет залалдың орнын толтыру үшін шаралар қолданып жүр, туыстарымен, үш кішкене баласымен де байланысын үзген жоқ. Алайда, мұның бәрін, және мекеме әкімшілігінің Әсетті қолдаған өтінішін сот назарға алмады. Бұдан бұрын Қапшағай қалалық соты, одан кейін Алматы облыстық соты, Ақпарат және коммуникация министрлігі қарсы болмаса да, Ә. Матаевқа амнистияны қолданудан бас тартқан болатын.
Матаевтардың резонансты ісі ҚР Жоғарғы соты мен Бас прокуратураның бақылауында екені белгілі. Солардың өтінішімен жергілікті жерлерде сот пен прокуратура қабылдайтын шешімдер – жоғары органдармен келісіледі. Біз мұны – журналистердің өздеріне тағылған айыптардың барлық баптарын мойындамай, өздерін кінәлі санамай, кешірім де сұрамаған азаматтық позициясы үшін қудалау деп санаймыз.
Журналистер үшін өзінің ар-намысы мен абырой-беделін таза сақтап қалу – тым қымбатқа шығып отыр. Бірінші кезекте, бұл – орны толмайтын ресурс – уақыт жоғалту. Сол себепті сот пен прокуратура Ә. Матаевтың қамауда отырған уақытын созуға тырысып жүр. Оны бостандыққа шығармаудың түрлі себептерін ойлап табуда. Кезінде Сейітқазы Матаевпен де солай болған, ол амнистияға ілігіп, үйіне маусым айында оралуы керек еді, бірақ оны 2017 жылдың тек желтоқсан айында босатты. Енді Әсет Матаевтың да жазасын жеңілдетпеу үшін түрлі кедергілер жасалып отыр. Біреулерге заң нормаларын өз бетінше бұрмалау пайдалы болып тұрған сияқты.
Сізден әділ де бейтарап шешімдер мен қаулылар шығару мақсатымен Әсет Матаев пен оның адвокаттары Қапшағай қалалық сотына, Алматы облыстық сотына және Алматы облыстық прокуратураға жіберген өтініштерді, шағымдар мен арыздарды жеке өзіңіздің бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз.
 
Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы С. Матаев
 
Сөз бостандығын қорғайтын халықаралық «Әділ сөз» қорының президенті Т. Калеева
 
19 наурыз 2018 жыл                                                              Алматы қаласы