ҚазТАГ-тың Бас директоры Әсет Матаев жазасының үштен бірін өтеп болған соң, жазасын жеңілдетіп, қоныс колониясына аударуды сұраған еді, бірақ Қапшағай қалалық соты оның өтініші қанағаттандырмады, - деп хабарлайды ҚазТАГ.

Алайда Ә. Матаев колонияда мерзімін өтеп жатқан кезде тәртіп бұзбағанын, жаза алмағанын, сондай-ақ түзету мекемесі қызметкерлері тарапынан тұрақты бақылауды қажет етпейтінін, оның тәртібі екінші оң деңгейге жататынын, сондай-ақ Әсеттің  бірқатар мақтау мен алғыс алғанын сот ескермеді. Сонымен бірге Ә. Матаевтың залалдың орнын толтыру үшін шаралар қолданып жүргені, отбасымен, үш кішкене баласымен де байланысын үзбегені ескерілген жоқ.

Сондай-ақ, қорғаушы жақ соттың назарын бірқатар БАҚ берген кепіл-хаттарға аударды – оларда Әсетті тұратын жері бойынша жұмысқа алуға дайын екендігі айтылған.

Оның үстіне Ә.Матаев қазір жазасын өтеп жатқан мекеменің әкімшілігі және прокуратура өкілдері - жазаның түрін өзгертуге қарсы болған жоқ.

Еске сала кетейік, журналист Ә. Матаев 2016 жылы 3 қазанда алаяқтық жасады-мыс деген айыппен 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Бірақ ол өзіне тағылған айыптарды барлық баптары бойынша мойындаған жоқ және кінәсін де толығымен мойындамады. Бірқатар халықаралық журналистік және құқық қорғау ұйымдары қаржы полициясының қылмыстық қудалауы мен соттың үкімін тапсырыспен істелген және саяси астары бар іс деп санады.