Қазақстан Журналистер одағы дәстүрлі шығармашылық жұмыстардың байқауын жариялайды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді: репортерлік жұмыс, экономикалық шолу, саяси шолу, журналистік зерттеу, ізденіс материалы, зерттеу жұмысы, телевизиялық бағдарлама, фотожұмыс, ең жақсы интернет-жоба, әлеуметтік желідегі есім (блогер).

Әрбір номинация бойынша жеңімпаз дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Байқау – мақала тақырыбын таңдау еркіндігін береді.

Тақырыптар: инновациялық жаңалыққа, аймақтағы кәсіпкерлік бастаманы қолдауға, қоршаған ортаның проблемаларына, халықты қоғамдық маңызды істерге тартуға арналуы мүмкін. Мәдени әртүрлілік, жастардың әлеуетін кеңейту, адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік мәселелерді шешу, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге байланысты ұсыныстар әзірлеу, халықтың қоғамдық және азаматтық білім деңгейін көтеруге арналған т.б. тақырыптар қолдау табады.

Байқауға жолдаған материалдарға қойылатын басты талап – тақырыптар объективті, жан-жақты, терең зерттелуі керек және проблеманы креативті, соны тұрғыдан ашу қажет, сондай-ақ проблема маңыздылығын жоғалтпай тұрғанда дер кезінде көтерілуі керек. Өзекті тақырыпқа арналған мақалалар топтамасы басымдыққа ие болады.

Байқауға 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 28 мамырына дейін жарияланған материалдар қабылданады.

Конкурстық материалдарды мына email-ға жіберу қажет: Гэты адрас электроннай пошты абаронены ад спам-ботаў. У вас павінен быць уключаны JavaScript для прагляду. немесе мына мекенжайға: 050010 Алматы, Қалдаяқов көшесі, 79, офис 502. Тел.8(727)2670006. Қазақстан Журналистер одағы.

Байқауға қатысушылар шығармашылық материалдарына қосымша мына анкетаны салып жіберулері керек: аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, жұмыс немесе оқу орны, email.

Қазылар алқасы және байқауға қатысты басқа да маңызды ақпарат Журналистер одағының fasebook парақшасында: www.fasebook.com/jurunion және Қазақстан Журналистер одағының сайтында – https://kazmedia.kz жарияланады.