Республикалық шығармашылық конкурстың қорытындысы бойынша, Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) басқарамасының шешімімен ҚЖО-ның 2018 жылғы сыйлығының лауреаттары болып 12 журналист және 1 шығармашылық ұйым атанды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Ақиқат» журналында мемлекеттік тілдің дамуына қатысты актуалды мақалалар топтамасын жариялап тұрғаны үшін Қуандық Шамахайұлы «Саяси шолу» номинациясы бойынша сыйлыққа ие болды.
365info.kz интернет-порталының шолушысы Алексей Никоноров банк саласы мен несие саясатынның проблемалары туралы талдау мақалаларын жазғаны үшін «Экономикалық шолу» номинациясында лауреат атанды.
Республикалық қоғамдық-саяси «Время» газетінің тілшісі Оксана Акулова азаматтық қоғамды дамытуға арнаған мақалалар топтамасы үшін «Іздену материалы» номинациясы бойынша сыйлық алды.
«Хабар» агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі Лейла Әуесова (әлеуметтік тақырыптарға актуалды репортаждар дайындағаны үшін) және ERTIS (Павлодар) телеарнасының редакторы Құралай Рахымжанова (проблемаларды терең зерттеп және олардың шешімін іздегені үшін, сондай-ақ тіл байлығы мен жанр әртүрлілігі үшін) «Телевизиялық жұмыс» номинациясында сыйлыққа ие болды.
«Астана» телеарнасының арнайы тілшісі Әділ Өнербаев маңызды тақырыптар бойынша сюжеттер топтамасын дайындағаны үшін
«Журналистік зерттеу» номинациясында үздік атанып, ҚЖО сыйлығының лауреаты атанды.
Батыс Қазақстан облысының «Ақжайық» (Орал қ.) телеарнасының журналисі Роза Сатқанова маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді зерттегені үшін «Зерттеу жұмысы» номинациясында сыйлыққа ие болды.
«Ақ Жайық» (Атырау) газетінің тілшісі Айнұр Сапарова (әлеуметтік тақырыптар бойынша мақалалар топтамасын жазғаны үшін) және «Қостанай жаңалықтары» газетінің тілшісі Мария Шило (жастарға өнегелік тәрбие беру материалдарын дайындауда шығармашылық танытқаны үшін) «Ғылыми-көпшілік жұмыс» номинациясында жеңімпаздар деп танылды.
«ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Владимир Радионов Қазақстандағы қоғамдық-саяси оқиғалар туралы мақалаларды тез жазғаны үшін «Репортерлік жұмыс» номинациясында лауреат атанды.
Қазақстанның фотошеберлері: Рысқали Дүйсенғалиева, Нұрғожа Жұбанова және Дендербай Егізовтің жұмыстары көрсетілген «Ғасырдың көзi» альбомының авторлық ұжымы «Фотожұмыс» номинациясында Журналистер одағының сыйлығына ие болды.
Цензураға және азаматтардың интернетте еркін хат алмасуына мемлекеттің араласуына қарсы шыққан принципиалды позициясы үшін «ВКонтакте» әлеуметтік желісін құрушы және Telegram мессенджерін жасаған Павел Дуров «Интернет-жоба» номинациясында сыйлықпен марапатталады.
Рахымбай Ханалы атындағы ҚЖО-ның арнайы сыйлығына Шығыс Қазақстан облысының «Дидар» газетінің фотожурналисі Тлеубек Шаяхмет ие болды.
Бұлардан тыс, Қазақстанның құрметті журналистері атағына 2018 жылы мыналар ие болды: Нүсіпбай Абдрахимов (Алматы облысы), Шакизада Әбдікәрімов (Қызылорда облысы), Тихон Әліпқали (Батыс Қазақстан облысы), Бақберген Амалбеков (Ақмола облысы), Сүйебай Байқадиев (Шығыс Қазақстан облысы), Федор Денисенко (Солтүстік Қазақстан облысы), Мылтықбай Ерімбетов (Алматы), Болат Жамкенов (Астана), Жолдас Жанқуат (Атырау облысы), Ертай Ашықпаев (Ақтөбе облысы), Төрехан Майбас (Қарағанды облысы), Бахытгүл Мәкімбай (Алматы), Қанапия Мырзағожин (Қостанай облысы), Әбділда Сарсенбиев (Жамбыл облысы), Иса Тасқұлов (Оңтүстік Қазақстан облысы), Өскенбай Тастемханов (Павлодар облысы), Виталий Пекельник (Алматы облысы), Мұрат Ұлықпан (Маңғыстау облысы).