Қазақстан Журналистер одағы 2023 жылғы 28 маусымдағы Журналистер күніне орай жыл сайынғы дәстүрлі байқау өтетіні туралы хабарлады.


Байқаудың басты тақырыптары келесідей:
- Қазақстан экономикасының, компанияларының, мамандарының дамуы;
- импортты алмастыру, инновациялық технологияны қолдану;
- Қазақстан мәслихаты мен парламент мәжілісі депутаттарының сайлауы;
- ғылымдағы, заңнамалардағы, экологиядағы, денсаулық сақтау саласындағы, білім мен мәдениеттегі жаңалықтар мен мәселелер;
- табиғи апаттар кезіндегі қазақстандықтардың көмегі, күнделікті өмірдегі қайырымдылық және өзара көмек:
- спорт және салауатты өмір салты;
- жас дарындар: әр түрлі саладағы талантты жастар, жасөспірімдер, балалар туралы материалдар.
Дәстүрлі түрде байқауға қатысушылардың тақырыбы да, формасы мен жанрлары да әр түрлі болады. Байқауға 2022 жылдың 1 маусымынан бастап 2023 жылдың 1 маусымына дейін жарияланған материалдар, фотографиялар, радио-бейнесюжеттер қабылданады. Байқауға жіберілген материалдар саны бестен көп болмауы керек. Материалдарды қабылдау 2023 жылдың 10 маусымы күні аяқталады.
ҚЖО атап өткендей, материалдар мен анкеталық мәліметтерді Гэты адрас электроннай пошты абаронены ад спам-ботаў. У вас павінен быць уключаны JavaScript для прагляду. почтасына электронды түрде жолдау керек. Ол жерде материалдарға сілтеме көрсетілуі тиіс. Сауалнамада жұмыс орны, қызметі, мекенжайы, телефоны және материалдарының қандай басылымдарда жарияланғаны көрсетіледі.
Қорытындысы 20 маусымда шығады, ал 2023 жылдың 28 маусымында Алматыда марапаттау рәсімі өтеді.
Байқау туралы қосымша ақпарат Журналистер одағының Facebook парақшасында жарияланады: http://www.fasebook.com/jurunion