Бүгін 15 тамызда Александр Максимович Кимасов 81 жасқа толар еді.
Ол Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті, ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттіктің бас директоры болып қана қойған жоқ, ол Қазақстан журналистикасының символы да болды.
Өте интеллигентті, қарапайым, керемет білімді Александр Максимович қашанда өзінің дана ақылымен, жылы сөзімен көмекке келіп отыратын. Онымен сөйлесудің өзі қашанда қызық болатын.
Қазақстан журналистері Александр Максимович Кимасовты жиі еске алады, себебі журналистика туралы және оның жарқын кезеңдері жайлы айтқанда, Кимасовты еске алмау мүмкін емес.
Ол туралы өткен шақта айту өте қиын, себебі Ұлттық баспасөз клубына әдеттегідей келген кезде, ал Александр Максимович өзінің ақжарқын күлкісімен, жылы сөздерімен баспасөз-конференциясына келген журналистерді қарсы алатындай болып көрініп тұрады. Александр Максимович қашанда өзінің журналист-әріптестерімен және бізбен бірге үнемі қала береді. Қымбатты Александр Максимович, Сізге зор алғыс!
Александр Максимович Кимасов 1936 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаихинск ауданы Выдриха селесында дүниеге келді. Шығыс Қазақстан педагогикалық институтты орыс тілі, әдебиет және тарих мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Лениногор полиметалл комбинатында бұрғылау шебері болып бастады. Институтты бітірген соң, ауыл мектебінде оқу бөлімінің меңгерушісі, содан кейін лекторлық топтың жетекшісі, Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің Саяси сауат ашу үйінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы ОК-ның (ЦК) лекторлық тобының жетекшісі болып жұмыс істеді.
1991 жылы – А.Кимасов Қазақстан президенті баспасөз қызметінің кеңесшісі, 1997 жылдан бері Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті. 2008 жылы ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттіктің бас директоры болып тағайындалды. Оның ұйымдастырушылық қабылетінің арқасында шетелдік ақпарат агенттіктері ашылып, табысты жұмыс істеп келеді. Осы агенттіктер жаңалықтарды қырғыз, тәжік, дари, өзбек, парсы және қытай тілдерінде беретін: ҚырғызТАГ, ТәжікТАГ, АуғанТАГ, ӨзбекТАГ, ИранТАГ және Silkroadnews деп аталады.
А.М.Кимасов ұзақ аурудан кейін 2015 жылы 21 қыркүйекте қайтыс болды.
А.Кимасов бірнеше үкіметтік наградалармен марапатталды, «Қазақстанның құрметті журналисі» және республикалық Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
2016 жылы 14 желтоқсанда Александр Кимасов өлгеннен кейін ерен еңбегі мен азаматтық қоғамды дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Қазақстан журналистер одағының алтын медалімен марапатталды.