Қазақстанның құрметті журналисі.
1940 жылы 22 қаңтарда Тәжікстанның Сталинабад (Душанбе) қаласында туды. Ол қалаға оның отбасы репрессия жылдары қуылған болатын. 1941 жылы әкесін Қызыл Армияға мобилизациялағанда, отбасы Жамбыл қаласындағы шешесінің ата-анасының қолына көшіп келді. 1947 – 1957 жылдары ол А. С. Пушкин мен Октябрь революциясы атындағы орта мектептерде оқыды. Мектепті бітірген соң, Әндіжан мемлекеттік педагогикалық институттың орыс тілі және әдебиет факультетінің сырттай бөлімінде оқыды. Оқып жүріп облыстық «Андижанская правда» газетінің редакциясында корректор болып жұмыс істеді. Институтты бітірген соң 1963 жылдан бастап 10 жыл бойы Жамбыл қаласы мектептерінде жоғары сыныптарға орыс тілі мен әдебиеттен сабақ берді. 1973 жылы Жамбыл аудандық «Шұғыла» - «Радуга» газетінің редакциясында тілші, содан кейін редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Сол кезден бастап облыстың түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында: «Химпром» ЖӨБ-нің (ДПО) көп таралымды «Химик» газетінде редактор; облыстық телерадиокомитетте бас редактор, төрағаның орынбасары; «Новый регион» газеті редакциясында бас редактор; «Знамя труда» газетінің редакциясында 27 жыл бойы тілші, бөлім меңгерушісі, ал соңғы жылдары – зейнетке шыққанша редакцияда жауапты хатшы қызметін атқарды.
Облыс басшылығының және облыстық мәслихаттың алғыс хаттарымен, құрет грамоталарымен және Қазақстан журналистер одағының дипломымен марапатталды. 2016 жылдың маусым айынан бері Қазақстанның Құрметті журналисі.