Құрметті әріптестер, қазақстандық журналистер! Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - тек журналистердің ғана емес, сонымен бірге әрбір қазақстандық оқырманның, тыңдаушының, көрерменнің мерекесі, өйткені баршаңыз егемен еліміздегі және әлемдегі барлық оқиғалардың куәгерлері болып табыласыздар.
Бұқаралық ақпарат құралдары - бір адамның және тұтас елдер мен халықтардың барлық жеңісі мен құлдырауын, кемшіліктері мен кемшін тұстарын бейнелейтін шарайна. Барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіргенде ғана елімізді өркендетуге және дамыған мемлекетке айналдыруға болады.
Қымбатты әріптестер!
Сіздерге денсаулық, бақыт, өркендеу және тың шығармашылық табыстар тілеймін!
Сейітқазы Матаев, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы