Құрметті әріптестер!
Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан – азаттықтың ақ таңына жеткен, мақсаты-мұраты бірдей өрілген кемеңгер ел. Қазақстан – тайқазаны ешқашан ортаймаған жұрт. Міне, сол шаттық түндігін ашқан Тәуелсіздік бүгін өміріміздің мәніне айналды. Біз бүгін азат елдіктің тәтті сезім екенін ерекше бағалаймыз.
Қазақстан отыз жыл бойы татулықты ту, ынтымақты ұран етіп келеді. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы – тұрақтылық пен бірліктің нәтижесі. Тарих толқынында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай жүруге жазсын. Мереке әр шаңыраққа ырыс-береке және ынтымақ әкелсін.
Ізгі ниетпен,
Қазақстан Журналистер одағы
басқармасының төрағасы
Сейтқазы МАТАЕВ