Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнін мерекелеуге орай азаматтық қоғамды дамытуға сіңірген ерекше қызметі және елеулі үлесі үшін «Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалімен» мыналар марапатталды:

Әуезов Мұрат Мұхтарұлы, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Дауров Хусей Шимарұлы, Қазақстан дүнген қауымдастығының төрағасы, халықаралық «Жібек жолы бүгін» газетінің бас редакторы.

 

«Қазақстанның құрметті журналисі» атағы мыналарға берілді:

Данияров Төрехан Рысбекұлы, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы.

Тілеуұлы Жолбарыс, Түркістан облысы.