Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығару туралы өтінішін сот қанағаттандырды, деп хабарлайды оның адвокат Мадина Бакиева.
«Сот Сейітқазы Матаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы өтінішін қанағаттандырды», - деді М. Бакиева бейсенбіде.
Егер ешкім наразылық білдірмесе, соттың шешімі 15 күнтізбелік күннен кейін заңды күшіне енеді, деп атап өтті адвокат.
Алайда М.Бакиеваның айтуынша, сот С.Матаевты мемлекеттік, коммерциялық мекемелерде ұйымдастыру-бөлу міндеттері мен материалдық жауапкершілігі бар басшы қызметтерде бола алмайды деген қосымша жазадан босатқан жоқ.