Қазақстан Журналистер одағы басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.
«Ерекше қуаныш жоқ, мен өзімді бостандыққа шықтым деп санамаймын, себебі менің ұлым әлі қамауда отыр. Бұл саяси тапсырыс болды. Не мен, не менің ұлым өзімізді кінәліміз деп мойындаған жоқпыз. Ең бастасы - бізде рух бар, біз сол рухтың арқасында бәріне шыдадық», - деді С.Матаев дүйсенбіде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 30 қарашада Қапшағай қалалық соты С.Матаевты мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығару туралы шешім шығарды.