«Трибуна. Саяси қалам» газетінің бас редакторы Жанболат Мамайды сот 2 жыл 5 айға бостандығын шектеуге кесті.
Алматы. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. «Трибуна. Саяси қалам» газетінің бас редакторы Жанболат Мамайды сот 2 жыл 5 айға бостандығын шектеуге кесті деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Сот Ж. Мамайды ҚР ҚК-нің 193-бабы 2-тармағы бойынша (қылмыстық жолмен тапқан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру) кінәлі деп тауып, бірақ ҚР ҚК-нің 55-бабы 4-тармағын қолда отырып, оған 3 жылға бостандығын шектеуге және мүлкін тәркілеуге, сондай-ақ 3 жыл бойына журналистік қызметпен айналысуға тыйым салады», - деп Медеу аудандық №2 соттың судьясы Дәурен Мәукеев бейсенбі күні үкімді оқыды.
Сот, сондай-ақ, Ж. Мамайдың қамауда отырған мерзімін – 2017 жылдың 10 ақпанынан 7 қыркүйекке дейінгі уақытты жаза мерзіміне кіргізіп, «өтейтін жазасы ретінде 2 жыл 5 ай 5 күнге бостандығы шектелсін және мүлкі тәркіленіп, 3 жылға журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынсын», - деді судья.
Бұдан тыс, Ж. Мамай 120 сағатқа мәжбүрлі жұмыстарға тартылады.
Сотталушыны сот залында босатты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда 10 ақпанда «Трибуна. Саяси қалам» газетінің бас редакторы Ж.Мамай қамауға алынған болатын. Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол өзінің басылымы арқылы «БТА Банк» АҚ-дан ұрланған ақшаның бір бөлігінің ізін жасыруға көмектескен деген күдікпен қамауға алынған.
Алайда Ж.Мамайға тағылған айыптар бойынша ол өзін кінәлі деп санайтынын және мұны газетті жабу үшін істеп отыр деп мәлімдеді.