Сейітқазы Матаевтың жазасын өтеу мерзімін дұрыс есептемей және нақты мерзімді бостандықты шектеу жазасымен айырбастамай отыр.
Алматы. 21 шілде. ҚазТАГ – Мадина Алимханова. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың жазасын өтеу мерзімін дұрыс есептемей, нақты мерзімді бостандықты шектеу жазасымен айырбастамай және келтірген зиянның орнын толтыруды талап етіп отыр, деп хабарлады Матаевтың адвокаттары.
«Бүгін (20 шілде – ҚазТАГ) сот отырысы өтті. Біз судьяға наразылық білдіріп, оны айырбастауды сұрадық, бірақ оны қанағаттандырылған жоқ. Одан соң судья біздің бостандықты шектеу жазасын сұраған өтінішімізді қарап, одан да бас тартты, - деп хабарлады бейсенбі күні адвокат Мадина Бакиева.
Оның үстіне қорғаушы жақ бостандықты шектеуді сұраған өтінішіне қажет дәлелдердің бәрін келтіргенін айтты.
«Біз Матаев келтірген залалдың орны толтырылып жатыр және оның мүлкі тұтқынға алынды деген әділет департаментінен алған анықтаманы, сондай-ақ түзету мекемесінен Сейітқазы Матаев ауырып, санитарлық бөлімде жатқанын растайтын құжатты, сондай-ақ түзету мекемесі басшылығы С. Матаевқа мақтау жариялаған мінездемесін көрсеттік. Түзету мекемесінің әкімдігі жазаны өзгертуге қарсылық білдірген жоқ, алайда прокуратура «залалдың орны толған жоқ» деп қарсылық білдірді», - деді М.Бакиева.
Адвокаттың айтуынша, жазаны өзгерту мерзімі 15 мамырда толған болатын, бірақ ҚАЖК (КУИС) оған тағы бір ай қосыпты.
«19 маусымда С.Матаев 12 ай және бірнеше күн жазасын өтеп болды. Алайда ҚАЖК мен түзету мекемесі жаза мерзімін дұрыс есептемей отыр, олардың санауынша, жазаны айырбастау мерзімі тек 11 шілдеде келген екен», - деп түсіндірді М.Бакиева.
С.Матаевтың жазасын айырбастауға қатысты сот отырысы үш рет кейінге қалдырылды. 20 шілдеде Қапшағай қалалық сотында тағы бір сот отырысы өту керек болатын, алайда журналистер келген соң, сот отырысын аяқ астынан түзету мекемесіне көшірді.