Қытай суретшісі Алматыда өзінің көрмесінің ашылуына Қазақстан Журналистер одағын шақырды.
Аспан асты елінің көркем сурет өнері – неолит дәуірінде пайда болған Шығыс өнерінің сирек дәстүрлерінің бірі және ол эволюциялық жолымен бүгінгі күнге дейін үздіксіз дамып келеді. Оның айқын дәлелі – Чжан Биюнь ханымның шығармашылық қызметі. Экспозицияға бір қарағаннан-ақ, әдемі дуализм, яғни академиялық және дәстүрлі бағыттар бірден өзіне көңіл аудартады, бірақ мұнда идеологиялық, діни ағымдардың сарындары аңғарылмайды. Қалыптасқан тәжірибе бойынша, өнер классикалық (батыстық) және дәстүрлі болып бөлінеді. Ал біздің кезде көптеген шеберлер өз өнерінде осы екі бағытты біріктіріп, елеулі нәтижеге қол жеткізіп жүр. Тіпті сурет өнерінің ғаламдық ортақ тілі пайда болды десе де болады – тек оның диалектілік ерекшеліктері бар. Қытай суретшісі де осы екі бағыттан қоспа жасаған: ол дәстүрлі өнерді – өзінің түп тамырын көрсету үшін пайдаланған, ал академиялық қағидаларды – өнерге қойылатын халықаралық талаптар стандартына сай келу үшін қолданған.
Чжан Биюнь – философия докторы, Орыс суретшілері ассоциациясының мүшесі, доцент, Чжэцзян Технологиялық университеті жанындағы Өнер колледжінің оқытушысы. Ол өзінің шығармашылық жолының басында қытайдың «гохуа» деп аталатын классикалық дәстүріне басымдық беретін. Бұл – затты бейтарап фонда сызықтар мен дақтар арқылы суреттеу. Чжанның дәстүрлі суреттері символика мен астарлы ойларға толы: сырт қарағанда қарапайым болып көрінгенмен, суреттің күрделі тілін түсіну, мағынасына жету – шебердің шығармасын дұрыс қабылдау үшін өте маңызды. Оның үстіне Қытайда кез келген суретші – көркем жазушы, ал кез келген каллиграф – суретші екенін түсіну керек.
Сун дәуірінінің (ХІ ғасыр) белгілі пейзажшысы Го Си өзінің «Сурет өнері туралы» трактатында: «картина – автордың психологиялық портреті болып табылады» деп, суретшінің «биік тұлғалық мазмұны мен тектілігін» көрсеткісі келген. Го Си бірінші орынға суретші шеберлігінің жетілуін қойған. Міне осы, жетілуге, доминанттардың халықаралық жүйесіне интеграциялануға деген ұмтылыс Чжан Биюньді Киевке, Ұлттық өнер Академиясына, Украинаның Халық суретшісі А.М. Лопуховтың шеберханасына алып келді. Айтпақшы, Чжан Биюньнің өзі де осы оқу орнын 2006 жылы бітіріп, магистр дәрежесін алған. 2011 жылы докторлық дәрежесін Львов Ұлттық өнер Академиясында алды. Содан кейін бір жылдам астам уақыт И.Е. Репин атындағы Санкт-Петербор Мемлекеттік Сурет өнері, скульптура және архитектура академиялық институтында стажировкадан өтті. 2009 жылдан бері Чжан Биюнь өзінің көрмелерімен Украина, Польша, Ресей, Италия, Қытай қалаларын саяхаттап жүр. Оның еңбектері жеке коллекцияларда, мұражайларда, галереяларда орналасқан. Автор өз туындыларында негізгі екі күш – деструкция мен конструкцияның тепе теңдігін сақтауға тырысып, соның арқасында өз ойын бәріне түсінікті тілде жеткізіп жүр. Чжан Биюнь өзінің шығармашылығы мен көрмесі арқылы Аспан асты елдің қазіргі мәдениетін Қазақстанға әкеп таныстырды.