1933 жылы 4 ақпанда – ол кезде «Қазақстан Пионері» атанған газеттің бірінші саны жарық көрді.
Содан бері ол басылым ғарышты бағындырғандар, алғашқы тың игерушілер туралы, біртума адамдар, атақты спортшылар мен даңқты тұлғалар жайлы үнемі жазып келеді.
Газетті безендірумен ең жақсы фототілшілер мен суретшілер еңбектенді. Ал жас тілшілер кейін жақын және алыс шетелдердің белгілі журналистері, жазушылары, саясаткерлері болды.
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу ісіне қосқан орасан зор үлесі үшін, балалар шығармашылығы мен жас тілшілер қозғалысын дамыту ісіндегі көпжылдық жемісті еңбегі үшін, сондай-ақ газеттің бірінші саны шыққанына 85 жыл толуына орай Қазақстан Журналист одағы «Дружные ребята» газетінің ұжымын құрмет грамотасымен марапаттады.