Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен Нұрлан Ермекбаевты президент көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылып, президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын», - деп көрсетілген Ақорданың сайтында сәрсенбі күні жарияланған құжатта.

Басқа жарлықтарымен мемлекет басшысы басқа жұмысқа ауысуына байланысты: Анатолий Смолинды Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы қызметінен; ал Владимир Жұмақановты президент көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатты.

 

Дереккөзі: ҚазТАГ