Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Журналистер одағының Ақтөбе облыстық филиалы тоғызқұмалақтан, дойбы мен шахматтан жарыс өткізді.
12–19 наурыз аралығында жарысқа қатысу үшін Одақ мүшелері шақырылды. 20 наурызда «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ның базасында спорт жарыстарының қорытындысы шығарылды.
Сол күні мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Салтанатты шараны Қыдыр ата ақсақал ашып, бәріне жаңа жылда аман-саулық, табыс және бақыт тіледі. Құрметті қонақтар үшін «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ның кең фойесінде ұлттық тағамдардан тұратын және міндетті түрде наурыз көже қойылған бай дастархан жайылды. Облыстық өлкетану мұражайының қызметкерлері осы жерде ұлттық киімдер мен теріден жасалған бұйымдардың көрмесін ұйымдастырды. Мартұқ ауданының қолданбалы өнер шеберлері ағаштан өрнектеліп жасалған асүйлік ұлттық ыдыстардың тамаша үлгілерін көрсетті. Ал биыл ит жылы кіргенін еске салу үшін газет жарияланымдарының кейіпкері – Сазды ауылдық округінде қазақтың тазы тұқымды иттерін өсіретін адамдар өздерінің тазыларын алып келіп, олардан тірі көрме ұйымдастырды десе де болады. Шығармашылық ұжымдардың музыканттары қонақтар мен журналистерге ұлттық өнер мәдениетінің жауһарларын көрсетті.
Мейрам аяқталар кезде Қазақстан Журналистер одағының Ақтөбе облыстық филиалының жетекшісі Отыншин Раукен Сағызбайұлы тоғызқұмалақ пен дойбы, шахматтан өткен жарыстың қорытындысын шығарды. Салтанатты жағдайда жеңімпаздарға грамоталар мен құнды сыйлықтар табыс етілді.
Фото https://www.facebook.com/jurunion/posts/411481189316970