27 сәуір2018 ж. «Біздің тәуелсіздігім – сөз бостандығына тәуелді, егер оны шектесе, онда біз тәуелсіздігімізден де айырыламыз»,
- деп жазған болатын Томас Джефферсон 1786 жылы өз елінің тәуелсіздігі үшін күреске қатысқан кезде.
Бұл сөздердің әмбебап маңызы бар және ол Америка Құрама Штаттарының құрылуы тарихына ғана қатысты емес. Кез келген құқықтық мемлекет жеке бостандықтарға кепілдік береді, соның ішінде пікір бостандығы және оны білдіру бостандығы, ар-ождан бостандығы да бар, бірақ олар цензура мен қысымға ұшырамауы тиіс баспасөз бостандығына негізделеді.
ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле ©ЮНЕСКО Идеалды құқықтық мемлекет – өз азаматтарының мейлінше көп ақпарат
алуына және саяси шешімдердің ашықтығына мүдделі болуы тиіс, сонымен бірге қоғамның қызығушылығын тудыратын мәселелерде пікірталастар жария түрде өтуі қажет, сондай-ақ азаматтар өз пікірін қалыптастыу үшін ресми ақиқаттар мен догмаларды әшкерелеп отыру керек, ал ол үшін құқықтық мемлекет идеялардың алуандығын қамтамасыз етуі тиіс. Түрлі әдістер мен формаларда ақпарат тарататын құралдар ғана, соның ішінде баспасөз, – халықтың сауатын ашатын және ақпараттық тұрғыдан ықпал ететін үлкен күшке ие.
Пікір білдіру бостандығын белсенді түрде қорғап жүрген және ЮНЕСКО-ның мандатында сөз бостандығы ерекше орын алатын біздің ұйым бүгін Дүние жүзілік баспасөз бостандығының 25 жылдығын атап өткелі отыр. Биыл таңдап алған тақырып – құқықтық мемлекеттердегі ақпарат құралдарының қарым-қатынастары мен сот әділдігіне, сондай-ақ интернеттегі сөз бостандығының жаңа міндеттерін зерттеуге арналады.
Баспасөз бостандығына, кез келген басқа бостандықтар сияқты, ұзақ мерзімге ешкім кепілдік бермейді. Цифрлы каналдарды пайдалынып, ақпарат алып тұратын білімді қоғамның дамуын қмтамасыз ету үшін, ашықтықтың басты талаптары мен ақпаратқа қол жеткізудің және сапаны сақтауда өте сақ болу керек.
Жоғары сапалы ақпарат тарату үшін оны алатын көздерді тексеру қажет және маңызды тақырыптарды іріктей білу керек, деонтологияға және тәуелсіз ойлай білу қабылетіне көбірек көңіл бөлу қажет, ал бұл дегеніңіз, ақпаратты тарату міндеті толығымен журналистің жұмысына байланысты дегенді білдіреді. Сол себепті Баспасөз бостандығы күні – осы жетекші мамандыққа және, сонымен бірге, демократиялық, құқықтық мемлекетте журналистерді қорғау қажеттілігіне ерекше назар аудару керектігін атап өткім келеді.
2017 жылы бүкіл әлем бойынша өзінің кәсіби міндетін атқарып жүрген 79 журналист қаза тапты. ЮНЕСКО журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қашанда қатысып жүр және оларға қарсы қолданған заңсыздықтармен де күресіп келеді. Біздің ұйым журналистерді дайындау ісіне де өз үлесін қосып отыр, сондай-ақ, түрлі мемлекеттердің сөз бостандығы саласындағы заңнамалары халықаралық нормаларға сай келуіне күш салуда.
Дүниежүзілік баспасөз күні ЮНЕСКО Ганада сөз бостандығына арналған халықаралық конференция ұйымдастырады, оның барысында, есірткі картелдерінің билігін батыл әшкерелегені үшін 1986 жылы атып өлтірілген колумбиялық журналист Гильермо Каноның құрметіне тағайындалған
ЮНЕСКО-ның сыйлығы табыс етіледі. Дүниежүзілік баспасөз күні сөз бостандығы мен журналистердің жұмысына лайықты баға берулеріңізді сұраймыз, сонымен бірге #Всемирный День Свободы Печати және #СвободаПечати хэштегтерін пайдаланып, онлайн кампанияларға қатысуларыңызды өтінеміз.
Бас директор Одри Азуле