Барлық елдердің БАҚ-тары жақындасыңдар!
Жақында Пекинде «Бір белдеу – бір жол» атты иедеяның аясында өткен халықаралық медиафорум аяқталды.
Оның жұмысына 38 елден – Ресей, Болгария, Латвия, Швейцария, Пәкістан, Моңғолия, Украина, Вьетнам, Түркия, Қазақстан, Польша, Беларусь, Грекия, Аргентина және Африка мен Азия, сондай-ақ Латин Америкасының мемлекеттерінен келген 150-ге жуық медиақұрылым қатысты.
Форумға қатысушылар жаһандану, Ұлы Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің журналистік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың болашағын және медиа бірлестіктер арасындағы байланыс пен дамудың жаңа идеяларын талқылады.
Біздің делегацияны Қазақстан Журналистер одағының (ҚЖО) хатшысы Баян Рамазанова бастап барды және делегация құрамына ҚЖО-ның облыстық филиалдарының жетекшілері кірді. Делегаттардың арасында ОҚО журналистер одағының жетекшісі, «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарова да болды.
«Форумды Бүкілқытай журналистер ұйымы ұйымдастырды. Ұйымға Қытайдың түрлі аймағынан 200-ден астам медиаұжым кіреді, - деді А. Қапбарова. – Бұл шараға Ұлы Жібек жолы бойындағы мемлекеттер өкілдерінің келуінің үлкен символдық мағынасы бар: қазір көне сауда жолының осы бөлігін жаңғырту процесі жүріп жатыр, оны тіпті XXI ғасырдың жаңа Ұлы Жібек жолы деп те атайды. Бұл істе БАҚ-тардың ойнайтын рөлі өте маңызды. Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасын біздің Президент те қолдап, оған үлкен маңыз беріп отыр. Бұл – жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерге жауап беретін сандық мәдениетті дамыту керек дегенді де білдіреді. Сонымен бірге бұл жоба Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр және біз оларға бейімделе білуіміз керек. Жалпы, журналистика тек сол аймақтың журналистикасы болудан қалып барады. Қазіргі заманда БАҚ қызметкерлері тек өз аймағында ғана емес, бүкіл елде не болып жатқанын білуге міндетті. Сондықтан шекаралардың кеңейту керек».
Форум мүшелерін Бүкілқытай журналистер ұйымның төрағасы Акж Чжан Яньнун қарсы алды. Оның сөзінше, «Бір белдеу – бір жол» жобасы шеңберінде ынтымақтастық пен ақпарат алмасудың жаңа үлгілерін қалыптастыратын уақыт келді. А. Яньнун: бұл форумнан түрлі елдердің
БАҚ-тары – бүкіл адамзаттың ортақ болашағына қажет қауымдастық құруға болатын позитивті энергия алып кететініне сенім артады.
«Аспан асты елінде бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға өте көп көңіл бөлінеді, - деді әріптесім А. Қапбарова. – Біз ҚХР-дың радио және телевидение мамандарын даярлайтын «бесігі» саналатын Қытай Коммуникациялар университетінде және күн сайын бірнеше тілде, соның ішінде қазақ тілінде де шығып тұратын «Жэньминь жибао» газетінің офисінде болдық. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, бұл басылымның меншікті тілшілері әлемнің 70 мемлекетінде бар! Және оны Қытайдағы ең ірі медиаплатформа немесе «орталық асхана» деп атайды екен. Біз, сондай-ақ, Цюаньчжоудағы Халықаралық көлік тарихы мұражайына бардық. Бұл жердегі ғибадатханаларда халықаралық тасымалдау мен экономикалық байланыстардың эволюциясы көрсетілген. Және біз, әрине, Ұлы Қытай қорғанын да көрдік. Басқа елдерден келген әріптестерімізбен таныстық. Бір нәрсе анық: түрлі мәдениеттер арасында көпірлер салу үшін жаңалықтармен алмасып, саяси шараларды зерделеп, ақпарат жинап, іскерлік байланыстарды күшейту қажет. Бұл –Қазақстан үшін өте маңызды, себебі біз Қытайдың көршісі болып табыламыз».
http://panorama.shymkala.kz/index.php/world/item/2460-zhurnalistika-perestaet-byt-tolko-mestnoj