УКРАИНА БОЙЫНША ПРЕСС-ТУР
Шопеннің музыкасы, иконалар, баспа станогі – Украинаның Житомир облысындағы «Радомысль» бекінісінде адамзат баласы ойлап тапқан, міне, осындай қызық та танымдық дүниелерін көруге болады. Бұл қамалда жаңажылдық демалысты өткізуге және 17 ғасырдың технологиясы бойынша өз қолыңмен қағаз жасай аласың. Осыдан 400 жыл бұрын православтық монахтар қағазды қолдан қалай жасаған процесті энтузиастар қалпына келтірді. Қамал – Киев-Печер лаврасындағы ескі қағаз фабрикасының орнына салынған, сондықтан мында ескі қондырғылар, баспа станогі бар, солардың көмегімен бүгін де тартулық кітаптар мен құжаттарды дайындауға болады. Бұл жере 1616 жылы бірінші «Часослов» (ғибадат) кітабы басып шығарылған болатын, ал оны шығару технологиясы ретінде: зығыр, қалақай және кендір шөптері шикізат түрінде пайдаланған. Көне монахтардың рецептері бойынша қағаз шығару – еңбекті көп қажет ететін қиын жұмыс, бірақ мықты және ұзаққа жарайтын өнім шығады. Радомысль қамалында өз кітабыңды да басып шығаруға болады, кейін ол өз отбасыңның мұрағаттық құжаты болып қалады. Қамал тек кітап шығарумен аты шыққан жоқ. Тарихи-мәдени кешеннің аумағында құндыздар, қаракүзендер, кәмшаттар бар. Таза ауа, аралдар, қайықтарға арналған айлақтар, екі сарқырама – адамды демалуға, пайымдауға баулып, шығармашылыққа дем береді.
Радомысль қорғанында 17-20 ғасырлардың 5 мыңдай бірегей иконалары жиналған, бұл – Шығыс Еуропадағы иконалардың ең үлкен мұражайы. Мұнда кәсіби суретшілер мен халық шеберлері жасаған иконалар бар, олар рухани тылсым дүниені қалай түсінетінін өз шығармашылықтары арқылы көрсеткен. Иконалардың көпшілігі византиялық дәстүрден суреттердің тірілігімен, адамдарға тән эмоциялармен ерекшеленіп тұр. Ол иконалар әрбір отбасыға арналып жеке салынған және ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалып келген.
Бұдан тыс, мұражайда бірегей фотосуреттерді, географиялық карталардың коллекциясын, ескі үтіктерді, үй аспаптарын, ағаш мүсіндерді, антикварлық люстраларды, картиналар мен көне жиһаздарды көруге болады.
2015 жылы жазда қамалдың территориясында ашық аспан астында музыкадан халықаралық фестиваль өтті, сол жерде беделді байқаулардың лауреаттарымен қатар, саусақтарынан бал тамған музыкалық мектептердің жас оқушылары да Фредерик Шопеннің шығармаларын ойнады.
Радомысль қамалында қызық бастамаларды қолдап, танымал композиторлар мен музыканттардың фестивальдерін қабылдауға қашанда дайын. Бұл жерге жылдың кез келген уақытында келіп, демалуға және украин халқының тарихынан, тұрмысы мен мәдениетінен көптеген қызықты мәліметтер білуге болады.
Баян Рамазанова,
Айжан Бильченко