Ауғанстан Ислам Республикасымен ынымақтастық жөніндегі Халықаралық гуманитарлық комитет Ауғанстандағы жағдайды реттеу мәселесіне қатысты Қазақстан Журналистер одағы арқылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады.
АУҒАНСТАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ЫНЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОМИТЕТ
«Мызғымас Бостандық» - «Табанды Қолдау» - «Бұлжымас Бейбітшілік»
21 желтоқсан 2017 жыл Қазақстан Республикасы Президенті
НАЗАРБАЕВ Н.Ә. мырзаға
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Ауғанстан Ислам Республикасы Президенті Ашраф Ғани мен Талибан қозғалысының Лидері Мавлави Хайбатулла Ахундзадаға арнаған Ашық хатымызды Сізге жолдап отырмыз.
Ауған мәселесі әскери жолмен шешілмейтіндіктен, Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу үшін балама жолдар іздеу – төтенше маңызды мәселе болып тұр.
Сіз: «Ауғанстанда тұрақтылық орнау үшін Қазақстан жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Аймақтық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру – Ауғанстанның тұрақты мемлекетке айналуына көмектеседі және оның территориясынан аймаққа қауіп төндірмейтін болады, соның ішінде терроризм мен есірткі тасымалдауы қауіпі де жойылар еді. Біздің елге өркендеуші Ауғанстан керек және біз сондай мемлекетпен қарым-қатынас орнатқымыз келеді», - деп өте әділ мәлімдеме жасадыңыз.
Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу процесінде Қазақстан қандай маңызды рөл атқара алатынын жақсы түсінгендіктен, Сізден: біздің бастамаларды қолдап, Сіздің өкілдеріңізбен ыңғайлы уақытта жеке кездесіп, Ауғанстан бойынша бірлескен іс-қимылдарды талқылап, сондай-ақ Халықаралық гуманитарлық конференция өткізуді және оның уақыты мен орнын анықтауды сұраймыз.
Үлкен өкінішке қарай, егер жуық арада барабар және ойластырылған әрекеттерге бармаса, Ауғанстан жер шарының ең шиеленісті нүктесіне айналуы мүмкін.
Біз бұл Ашық хатты тиісті мекен-жайларға, соның ішінде ауған жанжалына тартылған мемлекеттердің атқарушы және заң шығарушы билік органдарына, талдау орталықтары мен БАҚ-тарына жібердік.
Қосымша: Ауғанстан Ислам Республикасы Президенті Ашраф Ғаниге және Талибан қозғалысының Лидері Мавлави Хайбатулла Ахундзадаға Ашық хат.
Шын жүректен білдірілген құрметпен және конструктивті ынтымақтастыққа дайын:
Ауғанстан Ислам Республикасымен ынымақтастық жөніндегі Халықаралық гуманитарлық комитеттің Төрағасы, профессор А. Г. Саркисян
Ашраф Ғаниге және Мавлави Хайбатулла Ахундзадаға жазылған ашық хатты мына жерден оқуға болады: